Алматыда 4 жасар қызды тепкен түркиялық азамат елден қуылады

2451
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде Алматы маңындағы сауда орталығында баланы тепкен шетелдіктің мәселесі жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна". 

“Бұл жайт "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелді. Әрекетті жасаған адам ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды. Алматы облысы ІІМ ПД-мен байланыстамын. Бұл факт бойынша сот шешімі күшіне енгеннен кейін тұлғаны ҚР шекарасынан шығаруға бағытталған сот процесі басталады (жазасын мұнда өтегеннен кейін)”, – деді Зәкиева.

Сондай-ақ, ол қазіргі таңда заңнамада балаларға қатысты қылмыстың осындай құрамына байланысты бап жоқ екенін атап өтті.

“Нәтижесінде тұлға жауапқа «кәмелетке толмағанға қатысты жасалған іс-әрекет» деген ауырлатушы біліктілік белгісі де жоқ «Бұзақылық» бабы бойынша тартылады. Осыған байланысты біз қазір ҚР ІІМ-мен бірлесіп, заңнамаға балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты тиісті баптарды енгізумен жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы, түзетулер балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты әртүрлі саламен байланысты. Заңнамаға ұсыныстар пакетін ҚР Парламентіне осы күзде беруді жоспарлап отырмыз”, – дейді омбудсмен.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы облысының Қарасай ауданында сауда орталығында Түркия азаматы 4 жасар қыз баланы теуіп құлатқаны хабарланған.

Пікірлер