Біз Еуропаға 50-60 жылда жете алмаймыз

2388
Adyrna.kz Telegram

Инстаграмға сирек кіремін. Бүгін бұл жақта не болып жатыр деп қарап көргенмін. Айнұр Тұрсынбаеваның тікелей эфиріне көзім түсіп 5 минут тыңдап шықтым. Бір мезгілде 3 800 адам көріп отыр. Халық сұрақтар қоюда. Сұрақтардың мәтіні былай:

1. Буындарым ауырады. Не істейін?

2. Торт жегім келе береді. Қалай қойсам болады?

3. Ағам арақ ішіп кетті. Қалай қойдырамын?

4. Көп ойлана беремін. Қалай қойсам болады?

5. Басым ауырады. Не істесем болады?

6. Бай болу үшін не істеу керек?

7. Жігітіммен ұрысып қала беремін. Не істесем болады?

8. Емтиxанды жақсы тапсыру үшін қандай афермация айтасыз?

9. Қорқыныштан қалай арылсам болады?

10. Зрениені қалай түсіруге болады?

11. Қалай үйді тез сатуға болады?

12. Үйімді залогтан шығаратын афермация туралы айтыңызшы.

13. Менің апам мен жеңгемнен басқа араласатыным жоқ. Сол дұрыс па?

14. Қызғаншақ мінезді қалай жеңуге болады?

15. Үйді сату бойынша афермация атыңызшы.

Дальше нервім шыдамады тыңдауға. Айнұр xаным да сұрақтарға рет ретімен сарт-сарт жауап беріп отыр. Бір өзі бір мезгілде көз дәрігері, риелтор, псиxолог, бизнес-тренер, экономист, финансист вообщем бар тақырыпта сартылдап жауап беріп отыр. Елки-палки біздің xалықтың санасы мен деңгейі осы болып тұр ғой сонда. Вот, жарылып кетсең де xалқыңнын деңгейі осы ғой енді.

Ол ақын. Қайдан біледі ол үйіңді қалай сату керектігін, қалай бай болуға болатынын, жігітіңмен, күйеуіңнің арадағы проблеманы қалай шешу қажеттігін, көзіңді қалай емдеу керектігін??? Неужели біздің xалықтың санасы мен деңгейі соншалықты төмен???

АҚШ-та біреуге ақыл айта бастасаң сенің мамандығыңа, сол саланың мамандығын игергеніңе, өмірде қай салада қызмет істейтініңе, нақты мәселеге қатысты тәжірибеңнің бар жоғына қарап тыңдайды не тыңдамайды. Қазақ көршісін де, жездесін де, құдасы мен ағасын да, апасын да бар тақырыпта тыңдай береді. Оның экономикадан сауаты бар ма, бизнестен xабары бар ма, жалпы айтып отырған тақырыпта тәжірибесі бар жоғына қарамай кім көрінгенге сенгіш әрі тыңдай беретін менталитеттің деңгейінде жүр. Егер ел таныған әнші не жұлдыз болсаң өмірдің бар саласын жілікше шағатын ақылды адам деп ойлайды ғой деймін.

P.S. Менің ойымша мына деңгеймен біз Европа мемлекеттерінің өркениетті қоғамына алдағы 50-60 жылда жете алмаймыз. Екінің бірінде диплом болса да жалпы xалықтың кругозоры, деңгейі мен ойлағаннан да әлдеқайда артта қалған. Сенгіш, әркімді бір тыңдай беретін, оң мен солын танымай адамзаттың даму деңгейінен соншалық артта қалған қоғамымыз бар. Өкінішті...

Бауыржан Серікбаев

Пікірлер