"Қазақстан-2030" жолымен. "Өзбекстан-2030" стратегиясы жалпыхалықтық талқылауға ұсынылды

1500
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан Республикасының билігі алдағы 7 жылдық даму жоспарын айқындады. Даму жоспарының негізгі бағыттарын нақтылайтын «Өзбекстан – 2030» стратегиясы мен 2023 жылдан бастап оны жүзеге асыру іс-шарасының халық талқысына ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Өзбекстан мемлекетінің стратегиялық жобасы «regulation.gov.uz» және «2030.strategy.uz» порталдарында жария көріп, қоғамдық талқылауға қойылды.

«Өзбекстан – 2030» стратегиясының мақсаттары мен нәтижелi көрсеткiштерi қабылдауға, түсiнуге оңай формада берiлген және ол 5 бағыт бойынша 100 мақсатты қамтиды.

Қазір «Өзбекстан-2030» стратегиясын 2023 жылы жүзеге асыру бойынша қамтылатын іс-шаралар қарастырылып жатыр.  Сонымен қатар, жобаларындағы орындаушылардың мерзімі мен міндеттері, стратегияны іске асыру шеңберінде әзірленетін нақты нысаналы индикаторлардың тізбесі және әзірленетін нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі бекітіліп жатқаны мәлім болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер