"Мәсімов президент болғысы келді" - бұрынғы ҰҚК төрағасы Шабдарбаев

1986
Adyrna.kz Telegram

Белгілі чекист, генерал-лейтенант, бұрынғы ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаев "Abay Live" ютуб арнасына сұхбат берді. Сұхбатта Қазақстанның саяси білігіндегі "қалтарыстар мен бұлтарыстар", Назарбаев дәуірі және Мәсімов жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Белгілі чекист, генерал-лейтенант, бұрынғы ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаев журналист Абай Сейфуллаұлына берген сұхбатында ҰҚК төрағасы болған Кәрім Мәсімов болмысы жайлы пікір білдіреді:

«Сақ адам [Мәсімов]» қаңтар алдындағы бір кездесуінде, әлі жүзеге аспаған жоспарын «Жаңа жыл басталған кезде бәрі-бәрі все поменяется... Все будеть по другому» деп айтты, - дейді ол.

Сонымен қатар, хабар қонағы Мәсімовтың басшылықтан дәмелі болғанын, қазақша үйренуге талпынғанын, жиі амал-айлаға жүгінетінін сөз етеді. Қаңтар тәртіпсіздіктерін ұйымдастырудағы басты мақсаты қандай болғанын айтады.

Орайы келгенде айта кетейік, Амангелді Шабдарбаев - Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық гвардияға жетекшілік еткен, Нұрсұлтан Назарбаевтың, оған дейін Дінмұхаммед Қонаевтың күзет қызметін басқарған.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер