Мәсімов және оның "сыбайластары" ШҚО колониясына ауыстырылады

2116
Adyrna.kz Telegram

Істі болған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен ҰҚК және полиция департаменттерінің (ПД) бұрынғы басшылары, соның ішінде Мәсімовтің туысы, Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов Шығыс Қазақстан облысындағы колонияға ауыстырылады, деп хабарлайды "Адырна" порталы КазТАГ-қа сілтеп. 

«ҰҚК-нің бұрынғы басшылары: Алматы облысында - Сәбит Құрманаев, Қызылорда облысында - Аслан Рахимов, Алматыда - Нұрлан Мәжилов, сондай-ақ Павлодар облысы ПД бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов Өскеменге ауыстырылады. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де Өскемендегі жалпы режимдегі колонияға ауыстырылады», - деп хабарланды дереккөзде.

Еске салайық, Алматы қаласы мен екі облыстың ҰҚК-нің аталған экс-басшылары 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде өздеріне сеніп тапсырылған стратегиялық нысандарды тастап кеткені үшін сотталған болатын. Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары қаңтар оқиғасын ұйымдастырған тікелей қастандық жасаушылар ретінде мерзім алды. Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы ішкі істер басқармасының басшысы лауазымында сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп істі болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер