Солтүстік Қазақстан облысындағы шошқа фермасында төрт адам қаза тапты

2159
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстанда шошқа фермасында төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында EMS AGRO серіктестігінде шошқа фермасында төтенше жағдай орын алды.

"Ауысым аяқталысымен Тайынша ауданы Новоивановка ауылындағы бордақылау алаңынан ЖШС-нің төрт жұмысшысы жұмыс орнынан қайтып оралмаған. Сегіз метр тереңдіктегі кәріз су қоймасын тазалау кезінде төртеуі де қаза тапқаны анықталды. », - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров, облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, полиция бөлімінің бастығы Айдын Қабдулдинов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров және мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Марат Омаров жағдай орын алған аймаққа барғаны айтылады.

"Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Себептері анықталып жатыр. Қазір аймақ басшысы қаза болғандардың отбасына баруда", - делінген Солтүстік Қазақстан әкімдігінің хабарламасында.

Пікірлер