Aport Mall бомбаланды ма? Алматы маңындағы сауда орталығында не болып жатыр?

1769
Adyrna.kz Telegram

Aport Mall сауда орталығы мен облыстық полиция өкілдері "миналанды" деген ғимарат туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Сауда орталығының әкімшілігі халықтың эвакуацияланғанын және ғимараттың бомбаланғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

"Бізде полиция жоқ, бомбаны іздеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Адамдар эвакуацияланбады. Сауда орталығы қалыпты жұмыс істеп тұр", - деді "Апорт" маркетинг және сату бөлімі басшысының орынбасары Дариға Нұрашева.

Алайда, Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі басқа ақпарат таратты. Айтуларынша, 2 тамыз күні сағат 14:50-де кезекші бөлімшеге Қарасай ауданы аумағында орналасқан «Aport Mall» сауда үйінде жарылыс қаупі бар екені туралы ақпарат түскен.

"Аталған факті бойынша полицейлер сауда орталығының аумағын қоршауға алып, аумақтан шығып бара жатқан көліктерді тексеруде. Аталған дерек Қарасай ауданы ТЖД ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы "Қасақана лаңкестік актісі туралы жалған хабар тарату" бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта мамандар ғимаратта жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеру және тінту бойынша арнайы операция жүргізіп жатыр, - деді Алматы облысы бойынша ПД басшысы Бауыржан Әленов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер