“Бүгіннен бастап демалам”. Бақыт Беделхан Одақтан кетуіне қатысты мәлімдеме жасады

1998
Adyrna.kz Telegram

Ақын Бақыт Беделхан желіге “Бүгіннен бастап демалам!” деген, Жазушылар Одағынан кетуін тұспалдап өлең жазды, деп хабарлайды “Адырна” порталы.

Ақын аузынан ресми хабарды білу үшін “Адырна” тілшісі Бақыт Беделханға хабарласты.

“Өлең деген тумайды жайшылықта, өлең деген тулайды қайшылықта” деген Мұқаң. Өтініш жазып кеттім. 18 жыл одақта болған адамға, екі айда жұмыс істей алмадың дегенінен соң не сұрайсың” деді ақын.

Сондай-ақ, ол нағашы інісінің өмірден өткенін хабарлап, жағдай тұрақталған соң мән-жайды толық баяндайтынын айтты.

Желіде ол өзінің “Бүгіннен бастап демалам!” Деген өлеңін жариялады:

Одағым - Бақыт ордасы ең..!

Демалсын! - десе, демалам.
Онсыз да босқа жатыппыз.
Мерағаң - дейтін, төрағам
Бүгіннен бастап,
Бақытсыз...

Одағым - бақыт ордасы,
Бағың ба, әлде, сорың ба?
Ішінде жатқан бомбасы
Бір шалдың қалдың қолында!..

Не деген бітпес шайтан- шал?
Шапағынан көп шатағы
Әруақта, мейлі, айқай сал,
Селт етер ме екен, шапаны?

Бір шалды бір шал құлатып,
Мәз болған біздің қоғамда.
Жап-жас жаныңды жылатып,
Сен,
Ақсақал бол, одан да!

Бүгіннен бастап демалам,
Дем жетпес - десең,
шатыпсыз.
Төрағам болған Мерағам
Бақытты болсын,
Бақытсыз..!

Еске сала кетейік, Бақыт Беделхан 2000 жылдан Астана қаласындағы "Елорда" баспасының редакторы болып кейіннен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болып, басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Пікірлер