«Зерделі» Халықаралық мектебі Тараз қаласынан ашылады

1526
Adyrna.kz Telegram

"Зерделі” Халықаралық мектебі Тараз қаласынан ашылады. Бұл туралы Зерделі ақыл-ой дамыту орталығының директоры Рысбек Мәуіт Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Екі күн бойы мұғалімдерге арналған конкурс өткізіп қайттым. Жұмысқа өте тәжірибелі мамандар, Республикалық "Алтын тұғар" олимпиадасының жеңімпаздары қабылданды. Тамыздың 13-15 күндері аралығында  оқушыларды қабылдауға арналған конкурс басталады!

Мектеп директоры болып, Англияда оқыған "Болашақ" бағдарламасының түлегі, Білім және  ғылым министрлігінде және білім саласында 10 жылдан астам жұмыс жасаған Медет Арыстанұлы тағайындалды! Алла ісімізге береке берсін!”, деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол Жезқазған қаласынан да мектеп ашылатынын, алда гранттар бөлінетінін айта кетті.

Пікірлер