Ресеймен соғыста 50 мыңға жуық украиндық аяқ-қолынан айырылған

1841
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Ресеймен соғыста 50 мыңға жуық украиндық аяқ-қолынан айырылған. Бұл туралы әлемдегі ең ірі протез өндіруші Ottobock компаниясының есебіне сілтеме жасап, The Wall Street Journal басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Басылым мәліметі бойынша, WSJ көрсеткіштің әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Себебі, протездеуді жарақат алғаннан кейін апталап, айлап күтетіндер бар.

Айта кетейік, Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғалы бері 526 күн өтті. Дегенмен екі ел билігі де әлі күнге дейін өз әскерилерінің шығыны туралы ресми деректерді құпияда ұстауда.

Пікірлер