Назарбаевта жүрек тоқтататын препарат бар - Ермұрат Бапи

5120
Adyrna.kz Telegram
Фото: Abai.kz
Фото: Abai.kz

Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевта жүрек тоқтататын препарат бар екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Нартай Аралбайұлы депутатқа “Назарбаевқа қатысты тағы қандай қылмысын білесіз?” деп сұрады.

Ал Ермұрат Бапи бұл өте қауіпті тақырып екенін, оны айта алмайтынын айтты.

Егер мен сол тақырыпты көтеруге дайындалып жүргенімді білсе, мен ертеңгі күні әлде бір себептермен жүрегім тоқтап қалуы мүмкін. Өйткені, жүрек тоқтататын препарат Назарбаевта бар, -деді депутат.

“Сізді өлтіріп тастауы мүмкін бе?” деген журналист сауалына “мен ғана емес, сол тақырыпты қозғандарды да” деп жауап берді.

Мен Балқаш Тұрсынбаевтың аяқ асты өліп қалғанына сенбеймін. Президенттік сайлаудың алдында бір ай бұрын ешқашан ауырмаған, ешқашан жүрегім демеген адам қайтыс болды. Астанаға келді, біреумен жолықты, Алматыға қайтты, бір күнде өлді. Өмірде түрлі жағдайлар болады,әрине. Мен күдікшіл адаммын. Сондықтан аяқ асты өліп қалғандарға күдігім көп. Кезінде Шәйкенов Қайрат аяқ астынан өлді. Одан кейін Назарбаевтың досы, курстасы Нарықбаев аяқ астынан кетті? Мықты спортшы Нұрлан Балынбаев неге кетті? Сол сияқты күдіктерім бар, - деді Ермұрат Бапи.

Депутат 2008 жылы билік оппозиция белсенділері мен өзін мәмілеге шақырғандығын айтты. Сондай-ақ, оған сол кнзде 5 миллион доллар ұсынған көрінеді.

 

Пікірлер