ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты. 4 адам мерт болды

1856
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысында жол апаты болды. Тасжолда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысқан. Апат салдарынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жол апаты Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының аумағында 3 тамыз күні болды.

"Күршім – Қалжыр" тасжолының 99-шақырымында  Nissan Teana маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктегі 4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылғы сәби сол жерде көз жұмды", деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуді бастады.  Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер