Орал түрмесіндегілер мекеме қызметкерлерінің оңдырмай ұрғанына шағымданды

1653
Adyrna.kz Telegram

3 тамыз күні Орал қаласы, № 28-қатаң режимдегі колониясында 50 тұтқынның аяусыз соққыға жығылғаны хабарланды. Бұл туралы олардың туыстары хабарлады. Сонымен қатар әлеуметтік желіде түрмедегі азаматтардың жай-күйін айғақтайтын видео тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Орал қаласында орналасқан № 28 колониясының тұтқындары мекеме қызметкерлері мен әскери қызметшілер тарапынан аяусыз соққыға жығылғаны мәлім болды. Бірнеше сотталушы бұл туралы туыстарына айтқан. Кейін тұтқындардың туыстары мен жақындары колония алдына жиналған. Жазасын өтеушілердің аналары мен жарлары мекеме басшылығымен кездесуді талап етіп, азапталған азаматтарды ауруханаға жатқызуға талпынған.

 - "Мен, сотталған Райымбек Серіков есімді азамат, қазір ИҚ-28-де жазамды өтеп жатырмын, өткен жылы мекеме қызметкерлері бізді ұрып-соқты. Содан кейін мен наразылық танытып, өмірді алға тарта отырып, "есеп айырысуға" тырыстым...  Тағы да дәл осындай жағдай болды. Біз камерада отырамыз. Бізді бір-біртінден алып кетеді. Кейін бейнебақылау жоқ жерде мазақ етіп, ұрып-соғады, азаптайды, - дейді видео авторының бірі.

Басшылық мұндай деректі жоққа шығармады. Олар жазасын өтеушілердің басынғанын, түзеу мекемесіндегілерге қарсылық көрсеткенін, қарауылшыны ұрып-cоқпақ болғанын алға тартып отыр.

Ішкі істер министрлігі Орал колониясындағы тұтқындарды ұрып-соғуға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді.

"Камералардың бірінде тұтқындар мекеме қызметкерлері мен әскери қызметшіге шабуыл жасаған. Оқиға орнына қосымша күш жіберілді. Бағынбағандарға күш қолданылып, арнайы құралдар пайдаланылды.

Одан кейінгі болуы ықтимал заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін олардың бір бөлігі изоляторға орналастырылды", - деді ІММ.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер