“Мен жаңа жұлдызбын!”. Асу Алмабаев UFC турниріндегі алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

5434
Adyrna.kz Telegram
Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images
Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақ спортшысы Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Prosports.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Нэшвиллдегі турнирде Асудың қарсыласы америкалық Ауди Осборн болды. Екінші раундта жерлесіміз қылқындыру әдісін қолданып, қарсыласты жеңілісін мойындауға мәжбүр етті.

29 жастағы Асудың ММА-дағы жаңа рекорды 18-2. Қазақстандық қатарынан он төртінші жекпе-жегінде жеңісті нәтиже тіркеді.

Айта кетейік, Оди Осборн бұған дейін 8 рет жекпе-жек алаңына шығып, төртеуінде жеңіске жетіп, төртеуінде жеңіліске ұшыраған.

Ал Асу Алмабаев (UFC-ге дейін 18-2) жекпе-жектен кейін "өзін жаңа жұлдызбын" деп таныстырды.

Сондай-ақ, жақында ғана тағы бір қазақстандық Азат Мақсұм да ММА-дан әлемнің үздік ұйымындағы жолын жеңіспен бастаған болатын.

Пікірлер