Қайғылы оқиға. Атырау-Астрахань пойызында 13 жасар бала көз жұмды

3061
Adyrna.kz Telegram

Атырау-Астрахань пойызында лагерьге кетіп бара жатқан 13 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна”. 

13 жастағы бала лагерьге бара жатқан жолда көз жұмды. Қайғылы оқиға бүгін, 7 тамызда болды.

“Қазақстан теміржолы” компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала өз буындастарымен және төрт тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Алайда пойызда көз жұмған.

Қазір баланың неден қайтыс болғаны анықталып жатыр. Өлім себебі сараптамадан кейін белгілі болмақ.

Пікірлер