Жас өлім. Жоғалған жеті жасар қыздың өлі денесі табылды

7933
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда облысында жоғалған қыздың өлі денесі табылды, деп хабарлайды “Адырна”.

Қызылорда облысының Қармақшы аудандық полициясына жеті жасар қызының жоғалып кеткені туралы Тұрмағанбет ауылының тұрғыны арызданған. Ер адамның айтуынша, жеті жасар бүлдіршін 6 тамыз күні кешке үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Ата-анасы мен туыстары қызды өз бетімен іздеп көргенімен, нәтиже болмаған соң полицияға хабар берген.

Жоғалған адамды іздеуге Қармақшы РЖБ жеке құрамы, Төтенше жағдайлар департаменті, аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер жұмылдырылған. Барлығы 60-тан астам адам іздеуге қатысты әрі екі дрон да қолданылған.

Жоғалған қыздың денесі бүгін сағат 13:00-де Ubis арнасынан табылды. Денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Алдын ала болжам бойынша, қыз каналға батып кеткен.

Пікірлер