Полиция қызметкері қаққан азаматша қайтыс болды

1792
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте полиция қызметкері қаққан азаматша қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Шымкентте 3 тамызда анасы мен қызын полицей қағып кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, 39 жастағы әйел адам ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Оған бас-ми жарақаты, миға зақым келген, қан құйылу және мидың ісінуі диагнозы қойылған. Жансақтау бөліміне жатқызылып, барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілгенімен, әйелдің жағдайы нашарлап, ауруханада қайтыс болды.

Полицей қағып кеткен екінші адамның жағдайы орташа ауыр дейді дәрігерлер.

Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер