"Сайлау жайлы қалам тербедім". Әміржан Қосанов Жазушылар одағына мүше болды

2461
Adyrna.kz Telegram

Саясаткер Әміржан Қосанов жазушылар қатарына қосылды.  Ол Қазақстан Жазушылар Одағынана мүшелікке өткен 9 адамның қатарында,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Жас Алаш" басылымының хабарлауынша, Әміржан Қосановтың Жазушылар Одағымен қатар ПЕН-клубқа мүше болған. Саясаткер өзінің қалам тербеп, өлең жазатынын хабарлады. Өзінің айтуынша, бір кітапқа жүк болатын өлеңдері бар.

«Өйткені мен жастайымнан өлең жазатыным бар еді. «Жалын», «Жұлдыз», «Таңшолпан» журналдарында, «Қарлығаш» жинағында бір топ өлеңдерім жарық көрген. Публистикам бар дегендей… Оның үстіне кезінде құрған «Жаңа Қазақстан» қозғалысымызды тіркемеді. Ресми, саяси қызметпен айналысатын мінбе жоқ. Сондықтан қолымда қаламым бар, соны пайдаланамыз, жазамыз. Пен-клубқа мүше болғам себебім, бұл клуб сөз бостандығын қолдайды. Соның ішінде қудалауда жүрген журналистерге көмек көрсетеді», — дейді ол.

Әміржан Қосанов шығармашылықпен баяғыдан айналысатынын, өткен ғасырдың 80-жылдарында ЖО-та өлең оқығанын айтты.

«Сол кездері Жазушылар Одағынан шықпайтын едік. Өлең оқитынбыз. Ақсақалдардың батасын алдық. 60-қа тақаған жасымда өзімді лайықты деп санап, өтініш жаздым», — дейді саясаткер.

Сонымен қатар, автор "Ескі Қазақтстанды" бетің бар, жүзің бар демей аяусыз сынағанын да еске салып өтті:

«Ескі Қазақстан кезінде жазылған өлеңдерім ащылау ғой. Жаңаөзен, Желтоқсан… жалпы айтқанда әлеуметтік лирика жаздым. Кейде билік, жемқорлық, сайлау тақырыбында да қалам тербедім. Ескі Қазақстан кезінде оны ешкім басып шығармайтын. Жаңа Қазақстанда көреміз енді, уақыт керек, жинақтау қажет. Бәрі ретімен болып жатса кітап етіп бастырамыз», — дейді Әміржан Қосанов.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер