"Қараусыз қалған". Шымкенттегі тоғаннан екі бүлдіршіннің мәйіті табылды

1801
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте тоғаннан  екі бүлдіршіннің денесі табылды. Олар ата-анасы тарапынан қараусыз қалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бақылаусыз қалған бүлдіршіндер тоғанға түсіп кеткен.Қаратау ауданы, Геологтар саяжайындағы канал суынан 2 жасар бүлдіршіннің мәйіті табылды. Тереңдігі 50 см, ені 1,5 метр болатын суару каналына түскен тұрғындар 2021 жылы туған баланың денесін алып шықты.

Екінші жазатайым оқиға Абай ауданы, Алматы тас жолы бойында болған. Көшеден өтіп бара жатқан адамдар қалалық тазарту жүйесінен бір жастағы қыздың мәйітін көріп қалған. Тазарту жүйесінің тереңдігі 40 см, ені 1 метрді құрайды.

«Екі жағдайда да бүлдіршірдер ата-анасының қарауынсыз қалған. Сондықтан ата- аналардан баларын қараусыз қалдырмауды сұранамыз!»-делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Журналист Айгүл Болатханқызы осындай жайттардың көбейіп кеткенін айтып, балалардың сыртқы ортада қараусыз қалатынын сөз етіп, кей ана-аналарды әлеуметтік желіде сынға алды:

- Бала зорланды дегенді жиі естиміз ғой. Дәл қазір түнгі 12-ден асты. Көрші аулада қышқырып шыңғырып кішкентай балалар ойнап жүр (?). Зорласа да, өлтіріп кетсе де жаным ашымас еді мұндай балаға да, әке-шешесіне де. Шыным! Шығып әкесіне танытып келейін десем, анау жақта әрі ерініп тұрмын. Сол ауладағы үйлердің үлкендері түгел қырылып қалған ба, тәйт дейтін бірі жоқ. Ал не дейсің? - деді журналист.

P.S. "Адырна" ұлттық порталы барша ата-аналардың сергек болуын, балаларына көз қырын салып, бақылап жүруді өтініп сұрайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер