"Путинге бола бабасынан бас тартты". Америкалық боксшы Путиннің құрметіне өз тегін ауыстырды

1898
Adyrna.kz Telegram
Американың атақты боксшыларының бірі Кевин Джонсон Ресей президенті Владимир Путиннің құрметіне өз тегін өзгертті. Ол атасының есімін Ресей басшысының есімімен алмастырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Известия" басылымы боксшы Кевиннің енді Кевин Владимирович атанғанын мәлім етті. Спортшының өзі Путинге шексіз қадірлеп, ерекше құрмет көрсететінін жасырмады.

"Президент Владимир Путинге қошемет білдіру үшін тегімді өзгертуге шешім қабылдадым. Енді мені жұрт Владимир Путиннің атымен Кевин Владимирович деп атайды. Қазір мен 100%, шынтуайтында, қалжыңым емес, 100% - орыспын", - деді Кевин Джонсон.

Спортшы мұндай бетбұрысты пайдалапып, базынасын да айтып үлгерді. Ол шілде айының соңынан бастап Ресейде тұруды армандайтынын хабарлады. Спортшы бұл елге бірнеше рет барған, сол сапарларында көптеген қаласы мен ауылдарын аралаған.

Өзінің хабарлауынша, сапар барысында "Ресейдің кең жазира даласын жақсы көретінін" түсінген. Джонсонның айтуынша, Ресейде ГМО қосылмаған сапалы тамақ бар, бұл спортшы үшін аса маңызды.

Орайы келгенде айта кетейік, Сәуір айында Джонсон Ресейде тұрғысы келетінін мәлімдеген еді. Ол Ресей Федерациясы президентінен "ресейлік төлқұжат" беруді өтініп сұраған.

Әзірге "Владимир-ұлы" атанып, тосын мәлімдеме жасаған боксшының "шынайы пиғылы" жұмбақ күйінде қалып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер