Отбасы банк мәлімдеме жасады

1752
Adyrna.kz Telegram

21 тамыздан бастап «Отбасы банктегі» депозитті сату қызметі тоқтатылады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2023 жылғы 21 тамыздан бастап «Отбасы банкінде» интернет-банкинг арқылы «Депозитті онлайн тағайындау» (депозитті сату) қызметінің жабылатыны туралы хабарлаймыз. 2023 жылдың 21 тамызына дейін депозитті сатып алу немесе сату процесін бастаған банк клиенттері көрсетілген күннен кейін банктің осы қызметті көрсету шарттарына сәйкес стандартты режимде процестерді аяқтау мүмкіндігіне ие болады»,—деді компанияның баспасөз қызметі.

Енді бұл сервис арқылы депозитті тек туыстарға ғана беруге болады.

Пікірлер