Қаскелеңдегі перзентханада босанған әйелдің үшінші қабаттан секіріп кеткені айтылды

2009
Adyrna.kz Telegram

Қаскелеңдегі перзентханада босанған әйел үшінші қабаттан секіріп кетті. Бұл туралы заңгер, қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Көп нәрсені білмейміз, бірақ мамандар жағдайы бірқалыпты дейді. Айтуларынша, әйелдің қасында медбикелер болған. Операциядан кейін медбикелерді итеруге күш бола ма? Бір шікілік бар сияқты»,—деп жазды ол.

Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Әйел 37 жаста. Ол 7 сәуір күні 3-қабатта орналасқан перзентхананың жансақтау бөлімінен медицина қызметкерлерін итеріп жіберіп, терезеден секірді. Босанғаннан кейін 4 тәулік бойы жансақтауда болды. Әйел адам күйзеліске ұшыраған. Үш рет жүкті болған. Алайда үшеуі де сәтсіз болды. Қазір оның жағдайы тұрақты, ем алып жатыр»,—деді мамандар.

Бұған дейін астаналық әйелдің балаларымен бірге терезеден секірмек  болғанын жазған едік.

Пікірлер