Жамбылдағы су тапшылығы. Қырғызстанмен келіссөз жүргізіліп жатыр

1736
Adyrna.kz Telegram

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі. Ғалидулла Азидуллин Жамбыл облысына іссапармен барды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарманың мәлімдеуінше, биылғы жылдың 9 тамызындағы жағдай бойынша Талас өзенінің бассейні бойынша Киров су қоймасының көлемі 32,48 млн метр кубты құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 144,8 млн метр кубке аз (177,28 млн метр куб).

«Талас өзеніндегі су Киров су қоймасына ақпайды десе де болады. Қазіргі уақытта Қырғызстанның Талас БУВХ қызметімен «Жамбыл ГРЭС» АҚ жұмысын қолдау үшін су қоймасынан кемінде 5 метр куб/сек су беру туралы келіссөздер жүргізілуде, сондай-ақ Талас өзенінің арнасын экологиялық тұрғыда өткізу қарастырылып отыр»,—деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Талас өзенінің арнасына судың келуін ұлғайту мақсатында «Қазсушар» РМК филиалы мемлекеттік шекара бойында коллекторлық-дренаждық желілерді тазартуды жүргізеді. Бұл Таласқа судың келуін 5-тен 8 метр куб/секнудке дейін арттыруға және егін шаруашылығындағы су мөлшерінің шығынын азайтуға мүмкіндік бермек.

Пікірлер