Астанада LRT-ны іске қосу мерзімі тағы кейінге шегерілді

1925
Adyrna.kz Telegram

Астанадағы LRT жүйесін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді. Бұл туралы LRT құрылыс дирекциясының басшысы Серік Әйтімбетов мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, LRT жүйесін іске қосуды жеделдету мақсатында жоба екі кешенге бөлінген. Бірінші кешен 2025 жылға қарай пайдалануға мүмкіндік береді.

«Бірінші кешеннің жалпы сомасы – 1 млрд 152 млн доллар. Осы уақытқа дейін сегіз станция салынып, бес көлік қондырғысы іске қосылады. Екінші іске қосу кешенінің құны 735 млн долларды құрайды, яғни 10 станция пайдалануға беріледі. Өз жұмысын 2026 жылдың соңына дейін бастайды. Бұдан бөлек қосымша 14 станция салынады»,—деді ол.

Еске салайық, сәуірде елорда әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасын 2 жылдың ішінде аяқтау жоспарланып отырғанын айтқан еді.Thank

Пікірлер