Журналиске құқықтық көмек көрсетуге дайынбыз — министрлік

1755
Adyrna.kz Telegram

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны расталғанын мәлімдеді. Айтуынша, министрлік оқиға болған сәттен Ішкі істер органдарымен байланысып, мәселенің мән-жайын білген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сандуғаш Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Министрлік мәселені назарда ұстайды және журналиске қандай да құқықтық көмек көрсетуге дайын»,—деп жазды ол.

Пікірлер