Жетісу облысында бір ауылды су басты

1537
Adyrna.kz Telegram

Жетісу облысында бір ауылды су басты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін Жетісу облысының Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекеннің төрт көшесінің аула аумағын су басып, еңіс ағыны болды. Оқиға орнында 22 құтқарушыдан тұратын Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Олар жүзу құралдарынан бөлек арнайы жабдықтармен және техникамен жабдықталған»,—делінген хабарламада.

Қазір инженерлік жұмыстар, адамдарды ішінара эвакуациялау және су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер