Соттың санкциясымен. Журналист Дүйсеновадан тыйым салынған заттар табылмаған

1380
Adyrna.kz Telegram

Сандуғаш Дүйсенованы сот санкциясымен тергеп-тексеру аясында видеоға түсірген , деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Журналист Сандуғаш Дүйсенованы жалаңаш күйінде видеоға түсіріп алғаны туралы бірнеше күн бұрын әріптесі Самал Қабышева жазған болатын. Жетісу облыстық ІІД баспасөз қызметі бұл әрекетке қатысты ресми хабарлама жариялады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы ақпарат таралуда. Осыған орай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында 11 тамызда сот санкциясымен жеке тінту жүргізілгенін түсіндіреміз», - делінген хабарламада.

Полицейлердің сөзінше Сандуғаш Дүйсенованы тінту барысында қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын қатаң сақталған әрі тергеуші сот-медициналық сарапшының қатысуымен және екі куәгердің (барлығы бір жынысты) қатысуымен жүргізген.

«Осы тергеу әрекетін жасау кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) пайдалану міндетті және Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттеледі. Жеке тінту нәтижесінде азаматша Д.-дан тыйым салынған заттар табылмады», - деп жазады баспасөз қызметі.

Пікірлер