“Таныспасаң - таяқ жейсің”. Таныспағаны үшін бойжеткенді соққыға жыққан

2027
Adyrna.kz Telegram

Алматыда танысудан бас тартқан қызды бейтаныс жігіт соққыға жыққан, деп хабарлайды “Адырна” Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде бойжеткен соққыға жығылғаны туралы айтқан. Алматының орталық көшесінде белгісіз бейтаныс жігіт онымен танысқысы келген. Алайда бойжеткен таныстықтан бас тартады.  Жәбірленушінің айтуынша оқиға осыдан бірнеше күн бұрын Сәтбаев көшесінде болған.

«Құрбыммен өзеннің жағасында отырдық. Қолында сыра ұстап алған екі жігіт жақындап, бізбен танысқысы келді. Біз екі рет сыпайы түрде бас тарттық, кейін олардың бірі "Неге танысқыларың келмей тұр?" деп, боқтап, тіл тигізе бастады. Ол байқатпастан жақтан ұрып жіберді. Есімнен танып қалдым, кейін 102, 103-ке хабарластық", - дейді.

Ең сорақысы тәртіп сақшылары қыздардың өзін түнде қыдырғаны үшін кінәлаған. Бойжеткен:

"Прокуратураға "істі тергеушіге беріңдер, олар әкімшілік емес, қылмыстық іс қозғасын" деп екі рет хат жазды. Заңымыздың сиқы осы. 17 күн өтті, оны әлі таппады... Ол менің жағымды сындырмаса да, менің психикамды бұзды. Олар істі оперға да, тергеушіге де бере алмайды. Онда камера жоқ, сондықтан оны таба алмай жатыр", - деді зардап шеккен қыз.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Жәбірленушінің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Пікірлер