Түркістанда 74 жастағы әйел лифт шахтасына құлап, қаза тапты

1676
Adyrna.kz Telegram

74 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап, көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Түркістан қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 13 тамыз күні сағат 19:18-де «Жаңа қала» мөлтек ауданындағы үйлердің бірінде лифтте жөндеу жұмыстарын жүргізіліп жатқан. Жөндеу жұмыстарына байланысты лифт кабинкасы бесінші қабатқа тоқтатылған. 1949 жылы туған әйел адам бірінші қабаттағы лифтінің есігін ашып, лифт шахтасына құлаған. Тұрғын жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Жөндеу жұмыстары туралы үй тұрғындарына алдын ала хабарланған. Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

"Жөндеу жұмыстарына байланысты есіктердің барлығы жабылған болатын. Ал зардап шегушінің есікті қалай ашып алғаны тексеріліп жатыр", - деді Түркістан қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев.

Пікірлер