Камбоджа: Мектеп аумағында жарылмаған снарядтар көп

1511
Adyrna.kz Telegram

Мектеп аумағында жарылмаған 2116 снарядтар табылды, деп хабарайды “Адырна” тілшісі ҚазАқпарат сілтеп.

Камбоджа елінде миналардан тазарту орталығының мамандары солтүстік-шығыс Кратьэ провинциясында мектеп қалашығының аумағына соғыс кезінде көмілген жарылмаған соғыс снарядтарын тапқан. Бұл заттар мектеп ауласын кеңейту жұмыстарын жүргізу кезінде табылып отыр. Алайда аймақта әлі де жарылғыш заттар саны көп екен. Сәйкесінше толық залалсыздандыру жұмыстары аяқталғанша мектеп бірнеше күнге уақытша жабылмақ.

Камбоджа миналар мен соғыс қалдықтарынан ең көп зардап шеккен ел қатарында.

Тіпті 30 жыл өтсе де АҚШ снарядтары мемлекет тұрғындарына қауіп төндіріп келеді. Өткен жылы жарылғыш снарядтардан 40-қа жуық тұрғын қайтыс болған.
Пікірлер