Таразда 460 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілді

1505
Adyrna.kz Telegram

Тараз қаласындағы «Ұлы дала» шағын ауданында жалпы 460 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға облыстық мәслихаттөрағасы Абдалы Нұралиев, Тараз қаласыныңәкімі Бақытжан Орынбеков, ардагерлеркеңесінің мүшелері мен зиялы қауым өкілдеріқатысты.

Абдалы Тоқбергенұлы көпшіліктіқуаныштарымен құттықтаса, БақытжанОрынбеков те ізгі лебізін жеткізіп, бұл бағыттаатқарылып жатқан жұмыстарға қысқашатоқталып өтті.

Соңғы онжылдықтың бедерінде Таразқаласында жаңа ықшам аудандар бой көтеріп, тұрғын үй саны арта түстіЖалпы, соңғы 4 жыл көлемінде Тараз қаласы бойынша 5 800 пәтер берілсе, мемлекеттік бағдарламаларарқылы 3 844 азамат баспаналы болды. Ал пәтер кезегінде тұрған азаматтар 1 956 пәтергеқол жеткізді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы қалааумағында 42 тұрғын үйдің құрылысын жүрудедесек, жыл қорытындысымен 2 820 пәтерлітұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл үрдіс алдағы уақытта да үзілмей жалғасынтабады, – деген шаһар басшысы «Бақыттыотбасы» бағдарламасы арқылы баспанаға қолжеткізген бірқатар қоныс той иелеріне пәтер кілттерін табыстады.

Келесі кезекте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары НұрланАқшанов ақжарма ниеттерін жолдады.

Жалпы 2019-2022 жылдар аралығында өңірде«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 1 154 отбасы жаңа баспанаға ие болған. Сонымен қатар, биылғы жылдың соңына дейінжаңа тұжырымдама бойынша 1 040 пәтерге 16 нысанды іске асыру жоспарлануда.

Пікірлер