Түрік компаниясы Қазақстанда өндірістік көлемде банан өндіре бастады

1780
Adyrna.kz Telegram
Еліміздің оңтүстігінде банан өндіріле бастады, деп хабарлайды “Адырна”.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастаған. Жылыжай Түркістан облысы Сайрам ауданында орналасқан. Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салды.
Өсірілетін банан сорты арнайы Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген. Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі деп күтілуде.
Министрлік мәліметінше бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр.

 

Ерекше қайталанбас жобаның құны бірінші кезеңде 4 миллион АҚШ долларды құраған.

Сонымен қатар, жылыжайда экзотикалық жемістерден өзге,  қызанақ пен құлпынай өсіріледі.

Пікірлер