Жалған курьер. Зейнеткерлерді алдаған алаяқтар ұсталды

1645
Adyrna.kz Telegram

Зейнеткерлерді алдап, сан соқтырған алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Tengri.kz-ке сілтеп.

Бірнеше күн бұрын елордалық азамат Степногорск қаласында тұратын үш зейнеткерді алдап, ақшасын алып үлгерген.

Жапа шеккендер 12 тамызда жергілікті полицияның қызметіне жүгінді. Басқармаға алаяқтық дерегі бойынша бірден үш өтініш түскен. Барлық жағдайда 70 және 83 жастағы зейнеткерлер жәбірленуші болып шықты.

Үш зейнеткерге де белгісіз адамдар қоңырау шалып, балалары жол-көлік оқиғаларына тап болды деп хабарлаған. Алаяқтар мәселені шешу үшін белгілі көлемде ақша сұраған.

Қарт адамдар ойланбастан жинаған ақшаларын алаяқтарға ұстатқан. Екі зейнеткер 1 млн теңге берсе, үшіншісінде алаяқтарға берілген ақша көлемі 1,2 млн теңге болған.

Пікірлер