Солтүстіктегі кейбір ауылдар Қазақстанның "отар болғанын" тойлап жатыр

2532
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Ресей патшалығы кезіндегі ауылдардың 265-270 жылдықтарын тойлады, - деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы pkzsk.info сайтына сілтеме жасап.    

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына қарасты Долматово ауылының іргетасының қаланғанына биыл 265 жыл толған. 1758 жылы әулие Петр мен Павл қазақ жерін отарлау мақсатында Есіл өзенінің бойына шаруаларды көшіріп әкеліп, оларға жер бөліп берген. Патшалық Ресейдің бұл саясаты арада көп уақыт өтпей қарқын алып, Қызылжар маңына көшіп келгісі келетін отарлаушылардың саны күрт артқан. Мәселен, сол жылдары бір ғана Тобыл қыраты маңынан жер алуға 295 өтініш түсіпті. Мұның соңы шаруалардың құжат күтпестен жаппай Есіл бойына ағылуына орай туғызды. Сол жылдары Қасқырлы деп аталған бұл ауыл Ресейден Қызылжар қаласына ағылған сауда керуендерінің аялдайтын орталығына айналған.

Дәл осындай мерекені Мамлют ауданына қарасты Дубровное ауылы да атап өткен. "Дубровное ауылы Петропавлдағы әулие Петр бекінісінің құрлысы басталған соң бір жылдан кейін, 1753 жылдың 8 қыркүйегінде құрылған. Биыл Дубровное елдімекенінің іргетасы қаланғанына 270 жыл толды" дейді жергілікті тұрғындар.

Ауыл тұрғындары осындай тарихтан сыр шертіп, концерттік шаралар ұйымдастырып, Қазақстанды патшалық Ресейдің отарлаған күнін тойлап жатқанымен, қазір Долматово Қызылжар ауданының Берёзовск селолық округіне қарасты кішкене ғана ауыл саналады. 2009 жылғы санақ бойынша халқының саны 466 адам. Ал, Мамлют ауданына қарасты Дубровное ауылында 700-ге жуық халық тұрады.

Adyrna.kz

Пікірлер