Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық кино индустриясын жаңғырту қажет - Мемлекет басшысы

1370
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кинорежиссер Тимур Бекмамбетовті қабылдады, деп хабарлайды “Адырна”. 

Кездесу барысынд еліміздегі кинематография саласын дамыту аясында бірнеше мәселелер талқыға түсті. 

Креативті индустрия мамандарын оқыту мен отандық киноконтенттің көлемін ұлғайтуға жағдай жасау, кинематографистерді қолдау аса маңызды.

Келелі кездесуде Президент:

«Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық кино индустриясын жаңғырту қажет», - деді.

Кинорежиссер өз кезегінде дәстүрлі мамандық иелерін цифрлық креативті индустрияға қажетті мамандықтарға қайта даярлау жөніндегі жобаны өзге елдерде жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. 

Айта кетейік Тимур Бекмамбетовтың шығармашылығында “Анашым, менің қайда болғанымды білесің бе?”, “Біздің 90”, “Аса қауіпті”, “Шырша 1-2-3” сынды түрлі еңбектері бар.

Пікірлер