Тәуелсіздік әліппесі

1661
Adyrna.kz Telegram

Ұрпақтың қара танып, сауатын ашуына үлес қосып жүрген жандардың бірі – Әнуар Қабдолдаұлы. Ол «Тәуелсіздік әліппесі» атты балаларға арналған әліпбиді жаңаша форматта жасап шығып, қазіргі уақытта соны насихаттаумен айналысып жүр. Айтуынша, бұл нұсқаны жасауға 8 жылын сарып етіпті. Оның ісін республикадағы белгілі педагогтар қолдап, әліпбиге оң көзқарас танытқанын айтады.

Автордың «Тәуелсіздік әліппесін» шығарудағы басты мақсаты мектепке дейінгі бүлдіршіндердің тәуелсіздік құндылықтарынан тәлім алып өсуіне жол ашу. Сонмен қатар, олардың таным қабілеттерінің кеңеюіне септігін тигізеді деген сенімде.

«Тәуелсіздік әліппесі» жалпы тәуелсіздік құндылықтарды бере отырып, балалардың шынайы тәуелсіз білім алуына алғашқы әділетті мүмкіндік беруге тырысады. Сол үшін тәуелсіздік әліппесі деп аталады.

Сипаты

Басында көк тудың күн секілді көтеріліп келе жатқанын көрсетеді. Онымен қоса қазақ мемлекетінің астанасы, әрі «ӘЛІППЕ» атауы көрсетіледі. Бұл тәуелсіздіктің басты құндылығы мен ерекшелігінің сипаты.
Әріптермен сөздік мәндер алты қатар, бес тізбеден түзіледі. Жалпы қазақтың 29 төл дыбысталуын бір тұтас жинақы беріп көрсетіледі. Әріптердің түстері арнайы көк, ақ, қызыл, жасыл, қарамен беріліп, негізгі түстер қоса беріледі. Сонымен қатар әрбір әріпке суреттік анықтамалар бірге берілді. Қосымша кірме әріптер көрсетіліп, сандар, амалдар, пішіндер берілді.

Мазмұны

Тәуелсіздік құндылықтары.
Ата-баба салт-дәстүрлері.
Ұлы дала табиғаты.
Қала мәдениеті.
Нарық қоғамы.
Ғылымдағы жетістігіміз.
Отбасы құндылықтары.
Адам және адамгершілік асыл қасиеті.
Тәуелсіздік тәрбиесі.
Дала демократиясының тәлімі.
Әділетті бала тәрбиесі.
Қосымша білімдер мен кірме әріптер.

Мақсаты

«Баланы бастан» деген данышпан қазақ. Бала әлемді түр-түсімен әр сәт, кезеңмен қабылдайтыны түсінікті. «Тәуелсіздік әліппесі» балаларға әріппен бірге суреттік негізде, суреттің тілімен тәуелсіздік құндылықтарды ашық айқын бере отырып, адам және адам құқығы негізінде балалардың құқығын қорғап, балалардың білім алу таңдауына қол сұғатын басқыншылық идеядағы әліппеден арылып, тәуелсіздігімізді нығайтуға қызмет көрсетеді. Яғни балалардың білім алу таңдауына араласудан туындап келе жатқан әділетсіз қоғам зардабын азайтуға тырысады.

Мәні

Көк ту, астана, елтаңба, бәйтерек, Ата заң, Отан, мәңгілік ел секілді мемлекеттік намыс болған, мемлекеттік нақыштарды бере отырып, балалардың тәуелсіз білім жолын бастауына мүмкіндік беру.

Төрт түлік, салт-дәстүр, ұлы дала өнері мен табиғаты, ғылымдағы жетістіктерді, қала мәдениеті, нарық заманындағы уақыттың маңыздылығын, отбасы құндылығы, ұлттық дәм-тұз ерекшелігін бере отырып, ұлы дала табиғаты, ата-баба, салт-дәстүрімен заманның ерекшелігі өз-ара үйлесім тапқандай өмірлік үйлесімнің мәні де осылардан бастау алатыны туралы білім беріп, ішкі білімін жетілдіру.

Қосымша кірме әріптердің бар екенін балаларға ескерте отырып, тарихи жағдайдан қалыптасқан мәселенің шешілмей келе жатқанын көрсетіп, ұрпақтар таңдауына араласпайтын біздің дала демократ, асыл қасиет, тәлім-тәрбиемізді паш ету. Ұрпақтардың да дала демократтары секілді  өсіп, қалыптасуына мүмкіндік беру.

Сандар мен амалдарды, үтір, нүкте, леп, сұрақ белгілер және бұрыштармен таныстыра отырып, баланы ерте бастан алғашқы оқулық жалпы білімдеріне дайындығын нығайту.

Ерекшелігі

«Тәуелсіздік әліппесі» жалпы балаларға адамдық, ұлттық, мемлекеттілік, тәуелсіздік,отбасылық, тәлім -тәрбие және жалпы білімнен бастама беріп, баланың ішкі және сыртқы білімінің өзара тепе- теңдікте әділетті дамуын қамтамасыз етеді.

«Тәуелсіздік әліппесі» төмендегі 9 түрлі негізде тәлім-тәрбие және білім береді.

1. Тәуелсіздік құндылығы.
2. Дыбысталу.
3. Жазу ережесі.
4. Түрлі -түс.
5. Пішіндер.
6. Сандар мен амалдар.
7. Ұлттық болмыс ата-баба дәстүрі.
8. Адам және адам құқығы мен баланың таңдау құқығы.
9. Әділеттілік тәлім тәрбиесі.

Пікірлер