«Ел ертеңі - қазақ тілінде». Бірінші сынып оқушыларының 70%-ы мемлекеттік тілде білім алады

1537
Adyrna.kz Telegram

Елімізде бірінші сынып оқушыларының 70%-ы мемлекеттік тілде білім алуды таңдаған, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Жаңа 2023-2024 оқу жылында 3,9 миллион оқушы мектепте білім алмақ. Оның ішінде 364 мың бала бірінші сыныпқа қабылданып, мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды.
Балалардың 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің telegram парақшасында жарияланды.

«Бірінші сыныпқа қабылданушы оқушылар әсіресе, Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында көп. Сондай-ақ, балалардың мемлекеттік тілде білім алуы бойынша Шымкент қаласы, Түркістан және Алматы облыстары көш бастайды», - делінген таратылған ақпаратта.

Өткен жылдары балалардың 64 пайызы қазақ тілінде білім алуды таңдаған.

Ал Қазақстанда биыл 7,7 мың орта білім беру ұйымы жұмыс бастаған.

Пікірлер