Жылыту маусымына дайын емес жылу электр орталықтары белгілі болды

1255
Adyrna.kz Telegram

Энергетика министрлігі жылу электр орталықтарының жылу беру маусымына дайындығы туралы мәлімдеме жасады, деп жазады "Адырна" порталы. 

Мониториңге сәйкес, жылу беру маусымына толық дайын емес энергетикалық нысандар қатарына
«Риддер ЖЭО» АҚ, «GRES TOPAR» ЖШС (Қарағанды), «МАЭК» ЖШС (Маңғыстау), «Кентау Сервис» ЖЭО-5 ГКП, Жезқазған ЖЭО кірді.

2022 жылғы есеп бойынша елімізде 37 ЖЭО-ның 19-ы апатты жағдайда болған. Оларды жөндеуден өткізуге 182 миллиард теңге қажет екені хабарланды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер