Доллар бағамы қымбаттады

2116
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/photo_440711.jpeg
Ақша айырбастау пункттерінде доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы көтерілді. Бұған Kurs.kz деректері дәлел, - деп хабарлайды "Адырна" сайты.  Алматының айырбастау пункттерінде сағат 11:20-дағы жағдай бойынша долларды сатудың орташа бағамы 456,10 теңге, сатып алу – 453,64 теңге. Астананың айырбастау пункттерінде орташа сату – 456,35 теңге, сатып алу – 452,08 теңге болды. Айта кетейік, 15 тамызда Алматының айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 450,06 теңгені, сату – 452,31 теңгені құрады. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 449,13 теңгеден сатып алынып, 453,21 теңгеден сатылуда. Америка валютасының ресми бағамы 16 тамыздағы жағдай бойынша 449,17 теңге.
Комментарии