“Алакөл айналасы дәретханаға айналып барады!”

1272
Adyrna.kz Telegram

Бүгінде Абай облысы мен Жетісу облыстарының арасында орналасқан Алакөл көлінде демалушылар айнала тазалығына наразылығын білдірді, деп жазады “Адырна”

Видеода ғажайып көлдің айналасында демалушыларға жағдай жасалмағаны көрініп тұр.

Жылына 1 милионнан астам адам демалуға келетін бұл аймақта қолдан жасалған киім ауыстыратын бұрыш қана бар.

Жұртшылық “жағажайда дәретхананың жоқтығы көлдің былғануына әкеліп жатыр”,-дейді.

Өйткені бірнеше минуттық жерде орналасқан дәретханаға барудың орнына кейбірі суға дәрет сындыра салғанды жөн көреді-мыс.

Сол себепті демалушылардың дені ең болмаса, био-дәретхана қоюды сұрайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

Пікірлер