Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі. 5 әскери қызметкер жұмыстан қуылды

1191
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында 18 жастағы Бекбол Мираштың өз-өзіне қол жұмсауынан кейін бес офицер қызметінен босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҰҚК Тәрбие, идеологиялық және кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары - Кадр жұмысы басқармасының бастығы, полковник Ерік Беріков мәлім етті.

«Өкінішке қарай, бізде мұндай фактілер орын алды. Бұған дейін біз әскери қызметкеріміздің өліміне қатысты мәселені талқылаған болатынбыз. Әрбір оқиға жан-жақты тексерілуде. Кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Соңғы жағдайда бес әскери қызметкер қызметінен босатылып, біреуі шенінен төмендетілді», - деді Беріков.

Пікірлер