Қарағанды ​​облысында жанып жатқан шахтадан қаза тапқан екі адамның денесі табылды

2390
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды ​​облысында жанып жатқан шахтадан қаза тапқан екі адамның денесі табылды. Ақпаратты облыс әкімдігі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Тағы 3 кеншіні іздеу жалғасуда.

Еске салайық, 17 тамыз күні сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты «Казахстанская» шахтасында өрт шыққан болатын. Барлығы шахтада 227 адам болған. Оның 222-сі жер бетіне шығарылса, бесеуі жер астында қалды.

Алты адам ауруханаға жатқызылды, екеуі жансақтау бөлімінде.

Пікірлер