Шахтадағы өрт. Тоқаев шетелдік компания міндеттемелерін өрескел бұзғанын айтты

1402
Adyrna.kz Telegram
Фото: rawpixel
Фото: rawpixel

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан» шахтасында болған өртке  байланысты Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сондай-ақ, Үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде  келіссөздер жүргізу тапсырылды.

Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді. Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді, делінген хабарламада.

Ал ArcelorMittal компаниясының басшысы Лакшми Миттал әлі үнсіз.

Айта кетейік, 17 тамыз күні сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты «Казахстанская» шахтасында өрт шыққан болатын. Барлығы шахтада 227 адам болған. Оның 222-сі жер бетіне шығарылса, бесеуі жер астында қалды.

Кейін, шахтадан қаза тапқан екі адамның денесі табылғаны туралы ақпаратты облыс әкімдігі растаған еді.

Тағы 3 кеншіні іздеу жалғасуда.

Пікірлер