Қазақстанда ресейлік «Царград» арнасы бұғатталды

1486
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда экстремистік пиғылдың салдарынан ресейлік «Царград» телеарнасының сайты бұғатталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Liter.kz сайтына сілтеп. 

Әзірге Қазақстан билігінен ресми түсініктеме түскен жоқ. Алайда, Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің ресурсындағы сайттарды тексеру қызметі сайтта экстремизмді насихаттауға қатысты төрт заң бұзушылық бар екенін растайды.

Сайтқа үш рецепт 31 мамырда шығарылды. Тағы біреуі 18 қаңтарда шығарылған. Заң бұзушылықтар тіркелген материалдардың арасында «Қазақ ұлтшылдары Жеңіс күні қарсаңында орыс әйелдерін қорқытады» және «Казактардың алауыздығы: Қазақстан орыстарды тізе бүктіргісі келеді» деген тақырыптар бар.

Пікірлер