"Қазақстан" шахтасындағы өрт. Үш кеншінің мәйіті табылды

1882
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысы "Қазақстан" шахтасындағы өрттен қаза тапқан үш кеншінің есімі белгілі болды, деп жазады" "Адырна". 

Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, жерасты тоннельшісі, 4-разряд, жұмыс өтілі 21 жыл;

Бургун Виктор Сергеевич, 1966 ж.т., жерасты электромонтеры, 5-разряд, жұмыс өтілі 39 жыл;

Слюнков Виталий Владимирович, 1965 ж.т., жер асты электромонтері, еңбек өтілі 39 жыл»

"Екі кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта шахтаның жұмыс істеп тұрған жеріне барлау жұмыстарын жүргізу үшін қосымша жоспар әзірленуде", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында шахта өртеніп, 227 адам эвакуацияланғаны туралы хабарлаған едік. Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылған. Кейін өрт кезінде 5 кеншінің із-түссіз қалғаны және 4 адам ауруханаға жеткізілгені айтылды.

Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз!

Пікірлер