Алматы қоғамдық көліктерінде жолақы құнының жаңа тарифі іске қосылды

2070
Adyrna.kz Telegram

Бүгіннен бастап Алматыда қоғамдық көліктерінде – автобустарда, метрода және троллейбустарда жол жүру ақысы қымбаттады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

21 тамыздан бастап қолма-қол ақшасыз төлеу үшін жол жүру ақысы 100 теңге, қолма-қол төлем үшін 200 теңге болады. Бұған дейін жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төлеуге 80 теңге, қолма-қол ақшаға 150 теңге болатын.

Қоғамдық көліктерде кім тегін жүре алады?

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері,
  • 75 жастан асқан қарт адамдар
  • Бірінші, екінші топтағы мүгедектер және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
  • 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған және  ақталған адамдар,
  • басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері,
  • «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар.

50% тарифтік жеңілдікке кім ие?

50% жеңілдетілген жол жүру ақысы 50 теңге тұрады, бенефициарлардың бұл санатына:

  • 15 жастан асқан жалпы білім беретін мектептердің оқушылары,
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері,
  • Күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттері,
  • жас бойынша зейнеткерлер
  • көп балалы аналар,
  • Он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаларды алып жүретін адамдар.

Жолаушыларға жол ақысын қолма-қол ақшасыз – Оңай карталарымен, оның ішінде Оңай қосымшасындағы виртуалды карталармен, сондай-ақ QR немесе SMS арқылы төлеу тиімдірек болады.

«Алматы көлік холдингі» ЖШС мәліметінше, қазір қалалық қоғамдық көлікпен жүретін жолаушылардың 97 пайызы жол ақысын Оңай, QR немесе SMS арқылы қолма-қол ақшасыз төлейді.

Еске салайық, Алматыға жол жүру тарифін көтеру мәслихаттың VII сессиясында бекітілген болатын.

"Қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың шығындарын өтемейді, өйткені нақты тариф бекітілгеннен 3 есе қымбат. Осыған байланысты әкімдік ай сайын субсидия түрінде тасымалдаушылардың шығындарын өтеп отыр. Осы кезеңге 2020-2022 жылдары төленген субсидия көлемі 115,8 млрд теңгені құрады», - деді Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Асқар Әмрин.

Алматы әкімдігі 80 теңгелік жол жүру ақысы 2012 жылдан бері бар екенін, қазіргі есептеу әдісі бойынша субсидияларды есептемегенде нақты жол жүру ақысы 425 теңге екенін айтқан.

Пікірлер