Екібастұзда тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты

2078
Adyrna.kz Telegram

Екібастұзда бес қабатты тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«21 тамызда сағат 13.38-де Екібастұз қаласындағы М.Жүсіп көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнынан 1972 жылы туған ер адам қайтыс болғаны хабарланды. Баспалдақ үстінде екі адам құтқарылды», - деп хабарлады дүйсенбі күні Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Жалпы ауданы 18 ш.м. өрт орнында үш техника мен сегіз адам жұмыс істеді.

Пікірлер