Шығыс Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйге оқ атылған

1527
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысында көпқабатты тұрғын үйлердің біріне атыс қаруымен шабуыл жасалды, деп хабарлайды "Адырна" порталының тілшісі.

«Алтай ауданының полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, кешкі уақытта белгісіз біреу оның пәтерінің терезесіне оқ атып, соның салдарынан 50 мың теңге көлемінде шығын келтіргенін жеткізді, полиция қызметкерлері көрсетілген мекен жайға дереу жеткенін айтты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Ол көрші тұратын 23 жастағы жас жігіт болып шықты», - деп хабарлады дүйсенбіде ШҚО ІІД (ПД) баспасөз қызметі.

Ұсталғанның үйінен жедел тінту барысында полицейлер 12-калибрлі екі патрон, ИЖ-18 ЭМ-М маркалы бір ауызды аңшы мылтығы және 12-габаритті үш гильза, сонымен қатар 12-калибрлі сегіз гильзаны тауып, тәркіледі.

«Анықталғандай, сол күні кешке ер адам жәбірленушінің үстінде тұратын көршісімен төбелескен. Күдікті сыртқа шығып, мылтығын нысанаға бағыттаған, бірақ – оқ жазықсыз көршісінің терезесіне тиді. Кейін белгілі болғандай, құқық бұзушының терезелері ауланың екінші жағына қарайтыны анықталған», - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер