"Әке-шешең демалады". Ауыл әкімі кәмелетке толмағандарға діни уағыз тыңдатуда

10044
Adyrna.kz Telegram

Туркістан облысы Созақ ауданы Таукент қалашығында әкім кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жинап, уағыз тыңдатқызған. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталына оқырман бейнежазба жолдады.

Оқырманның айтуынша, әкім Маманов Серік ауылдастар жиналған чатқа 18 тамыз күні белгілі Шымкенттік имам Жарқын Мырзатайдың уағыз айтатынын жазып, белгілі бір орынға шақырған.

“Сол жиында ауыл әкімі болды. Ақ жейдедегі сол. Кәмелетке толмаған ер балаларды жинап, уағыз тыңдатты.
Уағызшы “ата-анадан намаз оқу үшін, орамал тағу үшін сұранбаса болады” деп айтады. Әдетте олар “ата-ананың разылығын бірінші алу керек” дейтін еді. Бұл жастарды ата-анаға қарсы қою емес пе? Ауыл әкімі кәмелетке толмаған балаларға уағыз тыңдатуға құқығы бар ма?”, деп жазды оқырман.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

Пікірлер