Көшқалиевтер дауы. Атырау облысы дін басқармасы жемқорлық ісімен күдікке ілінді

6609
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев пен інісі әнші Бейбіт Көшқалиев қызмет ететін мекемелерінде жемқорлық ісі бойынша күдікке ілінді, деп жазады "Адырна". Ақпарат Коррупцияға жоқ Facebook парақшасында жарияланды. 

Жазба авторының айтуынша Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев еліміздегі ағайындылардың бір салада қызмет етуге болмайтыны жайлы білмейтінін айтып, олардың, яғни ініс Бейбіт Көшқалиевпен сыбайластық қарым-қатынасы барын алға тартты.

Сондай-ақ, Бейбіт Көшқалиев Дін істер басқармасының Іргесінен ашылған Деструктивті ағымдардан айықтыру ”Шапағат” орталығында қызмет ететінін, өздерінің мұнай құбырлары бар екенін жазды.

"Кушкалиевтердің өз мұнай құбырлары бар екенін де бауыры жасырмапты. Жақында Көкесінің тапсырмасымен бауыры Пәруана деген кино түсірді. Ваһабиттерді кері қайтаруға бағытталған жоба бойынша мыс. Олардың Бюджеттен бөлген қаражатына ондай киноның оншақтысын түсіруге болатынын Басқарма ұжымының ішінде де, сыртында да пышпыштап жүргендерді кездестіруге болады. Сырт көзге Кушкалиев Хайролланың Дін бағытына еңбек сіңіргендей көзбояушылығы статистика мен әлеуметтік желісіндегі есеп тұрғысынан болмаса, Атырау мешіттерінің іштері Диструктивті ағымдарға толып тұрғанын діни сауатсыз адам да ажырата алады" деп жазды жазба авторы

Тараған ақпараттың рас-өтірігін білу үшін Атырау облыстық Діни басқармасына және облыс әкімдігіне де хабарласып "Адырна" ұжымы жауап ала алмады. Дегенмен, e-otinish қосымшасы арқылы басқармаға ресми сауал жолдады. Алдағы уақытта жауап берілсе редакция хабарлайтын болады.

Пікірлер